• 27 июля, 2021

Абайдың Қара сөздері – ұлы шығарма

Ноя 19, 2018

«Свитанок» украин қоғамы Абайдың «Қара сөздеріне» арнап танымдық кеш өткізді.

Семейдің Геодезия және картография колледжінің студенттері «Свитанок» украин қоғамымен бірлесіп Абайдың «Қара сөздеріне» арналған танымдық жиын өткізді. Жиынға қатысушылар Абайдың әлем халықтарының тілдеріне аударылған «Қара сөздерінің» аудармасымен және Абай кітапханасының қорында сақталған ақынның басылымдарымен танысты. Аталмыш шарада студент жастар «Қара сөздердің» философиялық бағытына және біздің заманымыздағы өзектілігіне ерекше назар аударды. Танымдық сағатта «Абай-кітапхана оқырманы», «Сирек қордың жинағынан» және басқа да тақырыптық тұсаукесерлер өтті.

Абайдың «Қара сөздері» тақырыбында 11-сынып оқушысы Евгения Шишкина шығарма жазып, оны үздік деп таныған «Свитанок» украин қоғамының хатшысы А. Михайлуца келген қатысушыларға үзінді оқып берді.

– Кез-келген ұлттың мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын сақтау мен жетілдіруде әдебиеттің маңызы зор,-деді Абай атындағы кітапхананың дамыту бөлімінің жетекшісі Гүлмира Нұғыманова,-қазақ халқының мәдени және рухани өмірін дамытуда көрнекті ақын, философ, ағартушы және қоғам қайраткері Абай Құнанбаев ерекше орын алады. Өз шығармаларында ол тек қазақ халқының кем-кетігін ашып қана қоймай, отандастарын да, ағартушылық пен білімге шақырады. Бұл идея әсіресе ақынның «Қара сөздерінде» айқын көрінеді.

Танымдық шараның екінші бөлімі ойын түрінде өткізілді. Қатысушылар викторина, кроссвордтар, сұрақ-жауап сынды сайыстарға белсене қатысып, Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы жайында өз білімдерін ортаға салды. Жиын соңында белсенді қатысушыларға Абай кітапханасы Абай Құнанбаевтың таңдамалы шығармалар жинағын сыйлады.

Марат Айболов