• 18 апреля, 2024

Балалар спортпен айналысу үшін жағдай жасау керек

Семей қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Шапатов Қанат Маратұлы бұл мәселе бойынша өз ұсыныстары бар. Осы уақытқа дейін мектепке дейінгі салада жұмыс жасап келе жатқан ол балалар спортын дамыту үшін қажетті инфрақұрлымнан бөлек маңызды жұмыстар бар дейді ол. Әсіресе қалалық мәслихатқа үміткер ретінде тіркелген қаланың шет аймағы Шығыс саяжайларында жағдай нақты жұмыстарды қажет етеді.

Семей қаласының шет аймақтары соңғы жылдары назарға алынып, жолдар жөнделіп, су жүйелері тартылуда, мектеп салынып, көшеге шамдар орнатылды. Балалардың бос уақытын тимді өткізетін спорт алаңдары ашылды. Бірақ Шығыс саяжайларында халықтың алаңдатқан күрделі мәселелер де бар. Көп жылдан бері Балалар және жастардың шығармашылық сарайының директоры болып қызмет атқарып келе жатқан Қанат Шапатовтың осы аймақтағы күрделі мәселерді шешу үшін нақты бағдарламасы бар.

— Сіз неге осы Шығыс саяжайынан сайлауға қатысып отырсыз, бұл жерде шешімін күткен көптеген күрделі мәселелер бар.Сондықтан жұмыс ауқымы да үлкен?

— Шығыс саяжайындағы мәселелерді мен бұрынан білем, себебі осы жерде тұратын қызметкерлер бізде жұмыс жасайды, балалар бізге келіп спорттық үйірмелерге қатысады. Бұл жерде көптеген сұрақтар әсіресе саяжайға байланысты болғандықтан, мен оны жақсы білем. Осы жерде тұратын халық болашаққа зор үмітпен қарайды, себебі жолдар кеңейтіліп, кейбір жерлерге көше шамдары орнатылды. «Таза су» бағдарламасы бойынша су жүйелері тартылып жатыр. Бірақ шешімін күткен мәселе жеткілікті. Ол қоғамдық көліктердің аздығы, жақсы жасалған аялдамалар керек. Тағы бір өзекті мәселе су ағарлардың жоқтығы, соның салдарынан көлшікті сулар пайда болып, жолды бұзып жатыр.

— Сіз неге сайлауға қатысу туралы шешім қабылдадыңыз, негізгі мақсат міндетіңіз қандай?

— Барлығымызды бір мақсат біріктіреді деп ойлаймын. Ол балаларға деген қамқорлық, денсаулығы және олардың болашағы, білім алуы. Мен 30 жыл болды балалармен тығыз бірлесе жұмыс жасап келем. Осы Шығыс саяжайының даму жоспарлары туралы жан-жақты біліп, соған өз үлесімді қосу керек деп шештім. Себебі бұл жерде көптеген балалар тұрады. Олардың бос уақытын тиімді өткізу үшін жағдай жасау керек. Мысалы Декоративная көшесінде белсенді демалыс алаңы салынады.Бұл өте жақсы жоба. Менің ойымша осы аймаққа жабық спорт кешені қажет. Қала билігі қашан жұмыстар жасайды деп тосып отырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Қоғам белсенділерімен ақылдасу керек. Елімізде көптеген балалар спортын дамытуға қатысты әлеуметтік жобалар бар соған қатысу керек деп ойлаймын. Жастар сарайындағы көптеген үйірмелер мен секцияларға келетін балалардың ата-аналары қоғамдық көлік мәселесін жиі айтады. Себебі келіп кету өте қиын.Сондықтан бұл жерге осындай спорт кешені қажет,- дейді үміткер.

Қанат Шапатов көп мәселелерді шешем деп уәде бермейді. Ол кәсіпкер емес, бірақ нақты мәселені қандай бағдарлама және жобалар арқылы шешудің жолдарын біледі. Себебі осы салада жинаған тәжірибесі жеткілікті. Осы сайлауда жеңіске жетіп, мәслихат депутаты болса, онда ол автобазардан бастап 8 саяжайға дейін, яғни Шығыс саяжайына жауапты болады. Осы аймақтан сайланған басқа да депутаттармен бірлесе жұмыс жасап, қаржы бөлуге, инфрақұрлымды жақсартуға болады дейді ол.

— Яғни Сіз ТКШ мәселелерінен бөлек, балалардың уақытын тимді пайдалануы және спорты дамытуды жоспарлап отырссыз?

— Менің негізгі мақсатым осы. Балалар және жастардың шығармашылық сарайына директор қылып тағайындағанда 2 000 жуық балалар болған қазір, 4 000 асады келетін балалар. 2017 жылы қосымша білім беруде өзгерістер болып, бізге 4 нысан қосылды. Біз негізгі барлық бағыттарды сақтап қалдық.
Қазір біздің қарамағымызда үш корпус бар, олар Абай және Селевина көшесінде, 342 кварталдағы Экономикалық лицейде барлығы тегін қамтылған. Әрине ғимараттарға қосымша жөндеу жұмыстары қажет. Сарайдың шатырын 2007 жылы біз өз күшімізбен жөндедік. Осы жылы қаражат бөлінеді деген жоспар бар.Тақауда басейінді жөндедік, бірақ жазда ыстық су болмағандықтан ол жұмыс істемейді.

Қанат Шапатов қосымша білім беру саласында өмір бойы қызмет жасап келеді. Бұрынғы Семей облысы Көкпекті ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, өмір жолын Көкпектідегі шығармашылық үйінде үйірме жетекшісі, Семей қаласындағы шығармашылық орталығында жетекші болды. 2000 жылы «Жастар сарайы» мекемесінің атқарушы директоры, 2002 жылы «Балалар және жастар сарайы» КМҚК директоры болып тағайындалды. Отбасылы, 4 баласы бар.
Қанат Маратұлы «AMANAT» партиясының белсенді мүшесі және бақылау комиссиясының тұрақты өкілі ретінде депутаттық қызметін абыройлы атқарып келеді. Тұрақты түрде халықты жеке сұрақтарымен қабылдап, олардың мәселелерінің шешілуіне ықпал етуде. Сондықтан алдағы жұмыстарды сапалы және уақыты атқарады деген сенімдеміз.