• 25 апреля, 2024

Тәуелсіздік сабағы өтті

Сен 15, 2021

Онлайн арқылы облысымызға қарасты Семей мен Курчатов қалалары, Абай, Бесқа-рағай, Бородулиха, Аягөз, Жарма, Тарбағатай, Көкпекті, Үржар аудандары мектептерінің оқушылары қатысқан сабақ пікір-таласқа толы болды.

Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының барлық фи-лиалдарында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік сабағы» өтті. Ота-нымыздың Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері дәріптелген сабақта оқушылар өз елінің төл тарихымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Дәл осындай сабақтың бірі Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде де өтті.

— «Тәуелсіздік сабағы» — биылғы оқу жылындағы алғашқы желілік шараның бірі бо-лып отыр. Біз осы арқылы өскелең ұрпақтың бойына тұғырлы тәуелсіздігіміздің қымбат екенін, оның бізге оңайшылықпен келмегенін айтып жеткізгіміз келді. Сонымен бірге мектебіміздің «Қазақстан тарихы» пәні ұстаздарының көмегімен өтетін «Әлемді өзгерткен тарихи шешім: Семей сынақ полигонының жабылуына 30 жыл» тақырыбындағы сабаққа бір мезетте қашықтықтан ШҚО аудандарының жалпы білім беретін 97 жетекші мектепте-рінің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл шамамен 3000 баланы құрайды. Сабақ бары-сында сынақ полигонының тірі ағзаға келтірген зияны мен кесапаты жайлы деректер ай-тылды. Сынақ полигонын жабудағы қиындықтар мен кедергілер, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ұстанған саясаты жайлы да құнды ақпараттар жеткізілді, — дейді дирек-тордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лариса Абылқасымова.

Онлайн арқылы облысымызға қарасты Семей мен Курчатов қалалары, Абай, Бесқа-рағай, Бородулиха, Аягөз, Жарма, Тарбағатай, Көкпекті, Үржар аудандары мектептерінің оқушылары қатысқан сабақ пікір-таласқа толы болды. Оқушылар өз тарапынан түрлі сұ-рақтар қойып, тақырыпқа сай өз ойларын ортаға салды.

— Бүгінгі сабақ біз үшін мағыналы, тарихи деректерімен ерекшеленді. Тәуелсіздік жылдарында еліміздегі барлық салалардағы тың өзгерістер мен үдерістердің қалай алға қадам басқанын білдік. Менің ойымша, біз егемендігіміздің баянды болуы жолында еңбек етуіміз керек. Тәуелсіздік –біздің ең басты байлығымыз, — дейді 11 сынып оқушысы Алуа Байзақ.

Шара барысында Тәуелсіздігімізге қатысты кітап, фото, оқушыларымыздың курс-тық жұмыстарынан құралған көрме ұйымдастырылып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың кі-таптары көпшілік назарына ұсынылды.