• 29 марта, 2024

Табиғатты қорғау баршамыздың парызымыз

Янв 23, 2020

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығына орай «Жасыл экономикаға» көшу туралы қаулысы шыққаны белгілі. Қазіргі уақытта қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәні көптеген ұғымдарды сыйдырады. Біріншіден, бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары. Екіншіден, жаңа технология, өзіндік экожүйе көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған табиғат. Үшіншіден бұл, дамудың жаңа кезеңіне ауысу, экологиялық таза өнімдерді жасау.

«Жасыл экономика» табиғи ресурстарды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ түпкілікті пайдаланылатын өнімдерді өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл экономика» негізінде-таза немесе «жасыл» технологиялар. Мамандардың айтуынша, «жасыл» экономиканы дамыту біздің елімізге экологиялық дағдарысты болдырмауға мүмкіндік береді.

Қалдықтарды басқару мәселесі де басты назарда тұр. Қаладағы лас көшелер, үйінділер болмауы біз үшін аса маңызды. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік циклдің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылуда. Мысалы, қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және баламалы отын алу технологиясы елімізде жүзеге асырылуда. Біздің жалпы орта білім беретін № 3 мектеп-кешеннің жоспары бойынша біз «Жасыл экономикаға» эәне экологиялық қозғалысқа атсалысқымыз келеді. Жұмысымыздың мазмұны, бағыттарымыз анық. Барлық оқушы, ата-ана, мектеп мұғалімдері бірігіп атсалыспақ. Жоспарымыз бойынша экосағат, экологиялық тақырыпта жаңалықтар, экобум, экологиялық мәдениет, мектеп үні тақырыптарын қамтимыз. Фитошөптер, яғни әртүрлі дәрілік өсімдіктер өсіру арқылы денсаулықты нығайтуға болатындығын тарату да біздің мақсатымыз.

Сондай-ақ, ата-аналармен бірлескен тұрғыда «Жақсылық жаса!» акциясы да қолға алынуда. Инженерлік шеберхана, «Жасыл ел», экологтар мен натуралистер форумдары, тамшылап суғару әдістері, эковолонтерлік және экологиялық сауатқа арналған эссе жазу сайысын да тұрақты өткізіп жүрміз. Біздің мектепте көк сарымсақ пен укроп өсіріледі. Оны өзіміздің асханаға пайдаланбақшымыз.

Және «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватымен байланысып, олардан қарағай көшетін алып, ауламызда өсіруді де жоспарлап отырмыз. Семей қаласына қарасты барлық мектептерге үндеу тастап, біздің мектепке келуге шақырып отырған себебіміз, мектебімізде макулатура жиналады. Жарамсыз батареяларды да қабылдаймыз. Және пластик бөтелке, пластик ыдыстарды да жинаймыз. Осылардың барлығын қайта өңдеп, жаратуды қолға алмақшымыз.

Мәселен, асханаларда пайдаланылған салфетка, майлықтарды да әртүрлі деңгейде қайтадан өңдеп, пайдаға келтіруге болады екен. Бұны мектебіміздің технология пәнінің мұғалімдері жасап жатыр. Осыған орай, Семей қаласындағы барлық мектептер сейсенбі, жұма күндері сағат 10.00-ден түстен кейінгі 15.00-ге дейін біздің жалпы орта білім беретін №3 мектепке макулатура, ескі батарея, пластиктер әкеліп өткізсе деген үндеу тастаймыз. Барлық мектептерден келетін осындай қажетсіз, пайдалынлған, артық-ауыс дүниелерді қабылдайтын арнайы орын да аштық. Қабылдап алатын адам бар. Айтылған уақытта басқа мектептерде керексіз дүниелер болса келіп біздің мектепке өткізулеріне болады.Біз оларды қайта өңдеп, жаратып, көрмелерге қоямыз. Не басқа да игі амалдарын жасаймыз. Семей қаласының барлық мектептері бізді қолдап, «жасыл экономиканы» дамыту барысында бізге мүмкіндігінше сұрап отырған артық дүниелерді өткізсе деген өтінішіміз бар.

Құрметпен, Семей қаласындағы жалпы орта білім беретін №3 мектеп-кешенінің ұжымы.