• 29 марта, 2024

ҚАЙРАТҚА ҚҰРМЕТ

Дек 19, 2019

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесінде жас татами шеберлерінің басын қосатын жарыс өтеді.

Дзюдо күресінен жастар арасында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков атындағы республикалық турнир биыл да жоғары деңгейде өтті. Мұзда жанған алау Қайраттың құрметіне арналған республикалық турнирде жалындаған қыз – жігіттер боз кілемде жан алысып, жан берісті. Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен және Семей қалаларынан, Алматы, Павлодар облыстарынан, Абай, Зайсан, Көкпекті аудандарынан жиналған 140-қа тарта ұлдар мен қыздар (ұлдар 8 салмақ, қыздар 7 салмақ) сынға түсті.

Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков, облыста дзюдо күресінің жақсы дамығанын айта келе, спортшыларға сәттілік тіледі.

Сонымен бағы жанғандар, бабы келіскендер топ жарды. Ұлдар арасында Байсиық Құмаров, Азамат Ықын, Айбар Айдарұлы, Асқар Нарқұлов, Роллан Саятов, Қуаныш Ратаев, Айбек Ізтілеуов, Әлібек Асқар топ жарса, қыздар арасында Айсұлу Орынғазықызы, Әнель Асқар, Балнұр Құрманбай, Кристина Сотникова, Мадина Ержан, Виктоия Колесникова және Арайлым Әбенова жеңімпаз атанды.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.