• 23 апреля, 2024

Жастарға арналған жаңа жобалар

Дек 18, 2019

Биыл Жастар жылы болғандықтан, елімізде жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған жобалар кеңінен қолға алынуда. Шығыс Қазақстан облысында жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және 200 АЕК көлемінде грантқа ие болу бойынша «Жас Кәсіпкер» жобасы, сонымен қатар «Қоғамға қызмет: JasA!», «Qorgau», «Менторлықты дамыту» жобалары жүзеге аспақ.

Өткен жылы аймақта іске асырылған «Zhas project» жобасының нәтижелерін ескере келе, аталған жобалар жастар арасынан кеңінен қолдау табатындығына сенімдіміз. Ең бастысы жас буын өкілдерін кәсіпкерлікке тарту аса қажет. Бұл жөнінде аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте де айтылған еді.

Қазіргі уақытта облыста 14-29 жас аралығындағы 264 990 адам тұрып жатыр, бұл барлық аймақ халқының 20 %-і. Жастар саясаты бағытындағы жұмыс елімізде Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасы бойынша жүзеге асырылуда. Еңбекпен қамту, жұмыссыздықты азайту бойынша, жастарды қоғамды дамытуға тарту бағытында облыста көптеген мемлекеттік бағдарламалар қолға алынған, атап айтқанда, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек», «Жастар тәжірибесі», «Бизнестің жол картасы-2020», «Дипломмен ауылға!» сияқты мемлекеттік бағдарламалар өз жемісін беруде. Биыл 6 айдың ішінде Жұмыспен қамту орталықтарына 4,5 мың жас өтініш түсірген екен. Соның ішінде тең жартысы, яғни 50 %-і ауыл жастары. Олардың барлығы даеңбекпен қамтылып отыр.

15 жас кәсіпкерге «БЖК-2020» аясында гранттар берілді. «Дипломмен ауылға!» жобасы арқылы 230 жас маманға 40,6 млн теңге көлемінде жәрдемақы берілген. Тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 149 адам бюджеттік несие алған. Үстіміздегі жылдың алғашқы үш айының қорытындысын алып қарасақ, жұмыссыз жүрген, оқу оқымайтын жастардың қатары едәуір азайыпты. Бұл көрсеткіш жалпы республикалық көлемде 7,6% болса, Шығыс Қазақстанда NEEТ жастар үлесі 2,8% көрсеткішті көрсетіп тұр. Ағымдағы жылы бұл санаттағы жастармен жұмысқа бағытталған «Жігерлі жастар ауылға», «Еңбек жастары» жобалары іске асырылуда,-дейді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.