• 28 марта, 2024

Тәуелсіздік жастар үшін аса қастерлі мереке

Дек 16, 2019

Қазақстан Инновациялық Академиясы студент жастар бас қосып, түрлі шаралар жиі өткізетін айтулы оқу орынның бірі. Бұл оқу орынында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Жиында студенттер Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың тағдырын суреттеген пьесаны сахналады. Қайрат ролінде студент Динар Амангельдинов болса, жеңгесі ролін Мадина Ахмеджанова сомдады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылған шарада 1-інші курс студенттері Қазақстан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттіліктің қалыптасуының, ұлт бірлігін нығайтудың, нарықтық экономика құрудың қиын, бірақ жарқын жолын өткергенін атап өтті.

Қазақстан Инновациялық Академиясының ректоры Берік Қадыровтың айтуынша, бүкіл ел болып, кеңінен атап өтетін осындай мағыналы әрі тамаша ұлттық мерекелер осы Тәуелсіздік жылдары пайда болғаны өте маңызды.

— Халқымыз үшін қастерлі мерекелер, атап айтқанда, Тұңғыш Президент күні басқа мерекелерден ең алдымен өзінің сан қырлылығымен ерекшеленеді, — деді ректор Берік Қайыпханұлы, — шынында да, Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен жасампаздығына қосқан үлесі зор. Қазақстанның негізін құру мен нығайтудағы ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруда Елбасымыз елі үшін еңбек етті. Сондықтан да, бүгінгі Тәуелсіздік мерекесімен Семей халқын құттықтап, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.

— Рухани жаңғыру менкелісім идеясы бұл жер бетіндегі бейбітшілікті сақтаудың бастышарты, — деді Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке арналған шағын қойылымдағы тергеуші ролін сомдаған 1-інші курс студенті Аяулым Лұқпанова. — Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстан бүкіл әлемге бостандық пен теңдіктің қалай болатындығын насихаттады. Адамдар арасындағы өзара түсіністік пен бір-бірін ести білу мүмкіндігі бүгінде өмір шындығына айналғанын атап айтқым келеді.

Раушан Қабжанқызы