• 29 марта, 2024

Киноға барайық: полиция балалармен уақыт өткізді

Май 30, 2019

Семей қалалық полиция басқармасы қызмет бабында жүріп қайтыс болған әріптестерінің жанұясын, артында қалған балаларын еш уақытта назардан тыс қалдырып көрген емес.

Жыл бойын мереке қарсаңында басқармада өткізілетін іс-шараларға шақырып, бағалы сыйлықтар беріп, басқа да әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдеседі.

Міне, осындай шаралардың бірі 1 мамыр Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында Кадр саясаты бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен балаларды «Қазына» кинотеатрына апарып, «Алладин-семейный» фильмін тамашалатты.

Олар өздеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлаған полиция қызметкерлеріне алғыстарын айтты.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметі