• 25 апреля, 2024

Ермак Сәлімов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Апр 4, 2019

Қала басшысының қабылдауында жер телімдері, баспанамен қамту, қоғамдық көлік, жұмысқа орналасу, медициналық көмек және тағы басқа мәселелер қарастырылды. Қабылдауда жалпы жиыны 22 қала тұрғыны болды.

Көп балалы ана Назым Жолжаксина жаңбырлы күндері үйінің төбесінен су ағатындығын айтып, жөндеп беруге көмектесуді сұраса, осы жылдың 18 қаңтарында баспанасы жартылай өртенген көп балалы әке Серік Аманбаев құрылыс материалдарымен қамтамасыз етсеңіздер деген өтінішін жеткізді.

Қала әкімі ертеңінде Назым Жолжаксинаның жағдаймен өзі танысып, алдағы уақытта көмектесітіндігін жеткізді. Серік Аманбаевтың үйінде құрылыс бөлімінің мамандары болып, есептеу жүмыстарын жүргізді. Қажетті құрылыс заттарымен қамтамасыз етіледі.

Осы күні қала әкімі қабылдауда болған жеке кәсіпкер Нұржан Оспановпен кездесті. Кәсіпкер сұрап отырған жер телімінің заңдылығын қарастырды. Қосымша ғимарат салу үшін сұратылған жер телімінің аумағы алдағы уақытта тұрғындармен және Қоғамдық кеңесте талқылану керектігін айтты.

Ермак Сәлімов тұрғындардың барлық сауалдары бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырма беріп, орындалу мерзімдерін белгіледі.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі.