• 19 апреля, 2024

«Алтай» жеңіспен бастады

Мар 21, 2019

Шығысқазақстандық «Алтай» футбол клубы Шымкент қаласында өтіп жатқан Қазақстан кубогының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. «Рузаевка» командасымен кездескен облыстың бас командасы қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.

Ойынның алғашқы кезеңі алтайлықтардың басымдылығымен өтті. Сергей Тимофеев шәкірттерінің қысымына төтеп бере алмаған Рузаевка қорғаушысы Ноян Ауғанов өрескел  қателік жасап   өз қақпасына гол соқты. Кездесудің 70-минутында белсенділігімен көзге түскен Владимир Вяткин есеп саның 2:0-ге жеткізді.

Ойынның соңғы минуттарында Думан Тұрсынбай екі мәрте көзге түсіп  есеп айырмасын төрт допқа жеткізді.

Жеребе бойынша «А» тобына іріктелген алтайлықтар негізгі кезеңге берілетін жалғыз жолдама үшін «Қызылжар», «Екібастұз» және «Рузаевка» командаларымен бақ сынасады.

Алтайдың Қазақстан кубогы аясындағы келесі қарсыласы Екібастұз болмақ. Ойын 22-наурыз күні Шымкент қаласында өтеді.

Семей ақпараттық орталығы

Фото: ҚКФЛ (ПФЛК)