• 28 марта, 2024

Есірткі — ол қоғам дерті

Янв 13, 2019

Нашақорлықтың басты ерекшелігі бір татып көрген адамның одан бас тарта алмауы, оған түбегейлі тәуелді болуы. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Семей Медициналық университеті студенттерінің қатысуымен «Нашақорлық – қауіпті індет» атты кездесу өтті.

— Қазіргі таңда кез келген мемлекет өз алдында — нашақорлықпен күреске ден қойған. Біздің елімізде де жыл сайын есірткімен күрес шаралары күшейе түскенімен, әлі де белең алуда, — деді жанұялық емхана дәрігері Гүлнара Абаева, — нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығып жатады. Алайда, қазіргі уақытта олардың арасынан ересектерді де кездестіруге болады. Жастар арасындағы нашақорллыққа әуестік көбінесе білместіктен басталады. Олар жас болғандықтан қоршаған ортаның кері әсеріне иланғыш келеді. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, сенгіштік, еліктеушілік ең алғаш спирттік ішімдіктірді немесе есірткіні татып көруге алып келетін бірден бір себептер. Сонымен қатар, ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытының болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмір сүруі, отбасы мүшелерінің бірінің арақ ішуі немесе есірткі қолдануы, ата-анасының жиі жанжалдасуы, жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарының жүргізілмеуі, достарының арасында нашақорлардың болуы, отбасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың төмендігі де нашақорлыққа бейімделудің жағдайдарлары деп атап көрсетуге болады.

Дәрігер-наркологтар есірткі пен психотропты заттар туралы жалпы түсіндіріп, оларды қолданған адамдарды қалай анықтауға болатынын және адам ағзасына қалай әсер ететін айтып өтті.

Нашақорлық өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, өз бойындағы өмір сүру процесін, ерік-жігерін, қажыр-қайратын, қабілетін саналы, ерікті түрде бұзу. Сондықтан, жастарымыздың мұндай жолға бет бұруына жол бермеудің алын-алу үшін үйде, мектептерде, жоғару оқу орындарында түсіндіру жұмыстары ұдай жүргізіліп отыру қажет.

Шара басында кітапхана қызметкері соңғы жылдары ғасыр мәселесіне айналып отырған нашақорлық туралы әңгімелеп, есірткі заттарының адамды танымастай кейіпке келтіретінін тілге тиек етті. Ішімдік ішу, есірткі заттарын қолдану адам өміріне қауіпті көптеген ауруларға алып келіп, күйзеліске, жалғыздыққа, ағат қылықтарға итермелейтінін айтып берді.

Жанұялық емхананың дәрігері Гүлнара Абаеваның сөздерінен студенттер жастарды есірткінің тұңғиығына кімдер және қалай итермелейді, оған қалай қарсы тұруға болады, психотроптық заттардың дәмін татып көруге кімдер шақырады, есірткілер қандай болады және нашақорды қандай белгілері арқылы тануға болатыны жөнінде мол мағлұматтар алды. Маман өз сөзін қорытындылай келе жастарды бұндай қателіктерден аулақ болуға шақырды.

Марат Айболов