• 18 апреля, 2024

430 қылмыстық іс есепке алынды

Янв 4, 2019

Қоғамдық тәртіпті қадағалау, жол қауіпсіздігін дер кезінде қамту, қылмыстың алдын алуға орай Жаңа жыл мейрамы кезінде Семей қаласы полиция басқармасының жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне көшті.

2019 жылдың 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Семей полиция басқармасына 430 қылмыс пен түрлі оқиғалар тіркелген, оның 63-і аса ауыр қылмыс түріне жатады.

— Оның ішінде бөтеннің мүлкін тонау 18 факті болса, 12 бұзақылық, 5 алаяқтық, 1 тонау, 6 рет денсаулыққа зиян келтіру істері тіркеліп отыр, — деді Семей қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов, — полицейлер қылмыстың 60 пайызының ізін суытпай ашты. Осы мереке күндері 21 жол көлік оқиғасы орын алды. Жол көлік апатынан әзірше жарақат алып, қазаға ұшырағандар жоқ.

Бейнебақылау арқылы 2 қылмыстық із, бұзақылықтар көңіл көтеру нысандарынан есепке алынды. Ұсақ тәртіп бұзушылыққа орай 40 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп отыр.

Марат Айболов