• 28 марта, 2024

«Жас Отан» жастар қанатының оқушыларға үйретері мол

Дек 24, 2018

Жақында Астанада «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV Съезі өтті. Әрбір төрт жылда бір өтетін бас қосуға 1500-ден аса делегат қатысты. Семей қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дархан Жұмаділдің айтуынша, Астанада өткен бас қосу сияқты съездік жиындар біздің жастарымыз үшін аса қажет.

Олар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыруды тереңінен ұғатын болады. Жастар съезінің ұраны – «Жаңа әлемге жол саламыз» деп аталыпты.

Осы жиыннан кейін Семей қаласында да көптеген қуанышты жаңалықтар легі орын алып, жастар белсенділік таныта бастады. Тәуелсіздік мерекелері күндерінде әрі Жаңа жыл мейрамына орай «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында шаһарымыздағы жоғары сынып оқушыларын «Жас Отан» қатарына қабылдау рәсімі өтті.

Жиында сөз алған қалалық білім бөлімінің бастығы Наталия Фесенко оқушыларға шығармашылық табыс пен зор денсаулық тіледі. Наталия Фесенконың айтуынша, бұл оушылардың барлығы да түрлі олимпиадалар мен спорттық шаралардың жеңімпаздары екен.Олар бала кездерінен бір алған бағыттарынан танбай, шыңдалып, жанталаса еңбектеніп, өздерінің білім, парасаттарымен, спорттағы жетістіктерімен көзге түскендер.

— Қазіргі уақытта «Нұр Отан» еліміздің іе маңызды партиясы, сондықтан оған жастардың ұмтылуы біз үшін үлкен қуаныш, — деді Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фсенко, — оқушылардың «Жас қанатқа» қосылуы Президенттің қазіргі атқарып жатқан ісіне қолдау білдіру болып табылады. Оқушылардың партия қатарынан табылуы аса қажет көрініс. Халқымыздың осындай мықты жастарының дені сау болып, армандары алға баса берсін.

Айта кету керек, осы уақытқа дейін Жас отандықтар жүзеге асырған көптеген жобалар да бар. Еліміз бойынша «Сәтті қадам», «Жастар – Отанға» жобаларына қатысқандар белсенділікпен танылды. Енді олардың қатарын семейлік оқушылар да толықтырып отыр.

Марат Айболов.